Бүгін елордадағы Триатлон саябағында Қазақстан халқы Ассамблеясының, Астана қаласы әкімдігінің және Қазақстан триатлон федерациясының бірлесе ұйымдастыруымен Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған мерекелік жүгіріс өтті.
Оған Қазақстан халқы Ассамблеясының және елордалық Ассамблея мүшелері, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ «Қоғамдық келісім» РММ, Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері және белсенді жастар қатысты. Алдымен мерекелік іс-шара барысында түрлі этнос...