2025 жылғы 6 қыркүйекте Астана қаласындағы Арбат арт-алаңында Қазақстан халқы…
2025 жылғы 6 қыркүйекте Астана қаласындағы Арбат арт-алаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті.
Іс-шара ҚХА шығармашылық ұжымдары қауымдастығының ұйымдастыруымен Ассамблеяның 30 жылдығы – «30 жыл бірлік пен келісім жолында» аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, қолөнершілер, этномәдени бірлестіктер мен шығармашылық ұжымдар, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Фестивальдің мақсаты – Қазақстанның көпұлтты халқының дәстүрлі қолөнерін сақтау және дәріптеу.
Бағдарламада жәрмеңке, шеберлік сағаттары, байқаулар, қолөнер шеберлерінің өнер көрсетуі және ҚХА фольклорлық ұжымдарының концерттері өтті. Ерекше сәттердің бірі – этномәдени бірлестіктердің бірлесуімен жасалған «Құрақ көрпе» арт-объектісі болды.
#ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years












