«Мәміле» пікірлесу клубының кезекті отырысы өтті
Бүгін қалалық Достық үйінде «Мәміле» қазақ тілі клубының кезекті отырысы өтті. Оған әдеттегідей этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. «Қазақстаным – байтақ елім» тақырыбында өткізілген сабақ ұлттық мереке –Республика күніне арналды.
Іс-шара барысында Астана қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» КММ оқытушысы Сағым Естемісова қызықты және танымдық ақпараттармен бөлісті. Сабақ соңында қатысушылар тақырып аясында пікір алмасып, өз ойлары мен ұсыныстарын жеткізді.
Айта кету керек, «Мәміле» клубы 2019 жылдан бастап этномәдени орталықтардың өкілдері үшін мемлекеттік тілде еркін және ауызша сөйлеуді қалыптастыру мақсатында жұмыс істейді. Қазақ тілін үйрену курсының форматы үнемі жаңарып, тақырып аясы кеңейіп келеді.
https://www.instagram.com/p/DBefffjuj0A/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA&img_index=1