Этносаралық келісім саясатын іске асыру қағидаттарын оқыту бойынша семинар-тренинг өз мәресіне жетті

Қалалық Достық үйінде Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен этносаралық келісім саясатын іске асыру қағидаттарын оқыту бойынша мемлекеттік қызметкерлерге арналған семинар-тренингтің соңғы күні аяқталды.

Екі күндік семинар – тренинг барысында тыңдаушылар этносаралық қатынас саласындағы пайдалы мәліметтермен танысып, кәсіби медиаторлар дайындаған кейстерді шешудің түрлі жолдарын қарастырды.

Жалпы іс-шараға 50 мемлекеттік қызметші қатысты. Барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді. Айта кетейік, аталмыш жоба келесі жылдары да жалғасын таппақ.

https://www.instagram.com/p/DA-8siIspvW/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA&img_index=1

You may also like...