Елордада Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылықтар – ұлт қазынасы» атты фестиваль өтті.
Аталмыш шара қонақтарға қазақ халқының бай мәдениетімен танысуға, оның дәстүрлері мен қолөнерін тамашалауға, сондай-ақ достық атмосферасына енуге мүмкіндік берді.
Қазақтың шеберлігі, қолөнері, зергерлік өнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән мағынасымен шын мәніндегі халқымыздың ғасырлар тағылымынан өткен асыл қазынасын насихаттайтын фестиваль аясында қазақ халқының ежелден келе жатқан киіз басу бойынша шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Қатысушылар киіз бұйымдарын жасаудың техникасымен танысып қана қоймай, оны тәжірибелі шеберлердің жетекшілігімен өздері де жасап көрді.
Сонымен қатар фестивальде қазақ халық аспаптары ансамблі өнер көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
https://www.instagram.com/p/DALLaefONNl/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA&img_index=9