ХАБАРЛАНДЫРУ! Құрметті елорда тұрғындары мен қала қонақтары!

19 мамыр күні сағат 11:00-де Астана қаласы, Республика даңғылы, 2 мекен-жайы бойынша орналасқан ҚР Қарулы күштерінің әскери-тарихи мұражайында елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен қалалық этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары арасында «Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты XXV Қазақстан халқы достығының фестивалі өтеді.

Шараның негізгі мақсаты – қатысушылардың шығармашылық бастамаларын ынталандыру, орындаушылардың кәсіби шеберлігін арттыру, жас таланттарды анықтау, жас ұрпақтың бойында рухани -патриоттық сана -сезімді қалыптастыру, сондай- ақ қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту болып табылады.

Айта кетейік, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан Қазақстан халқы достығының фестивалі елорда тұрғындары мен қала қонақтары үшін бірлік пен келісімнің, жақсы көңіл-күйдің айқын нышанына айналды.

Шара соңында этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары естелік сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталады.

You may also like...