Елордалық Достық үйінде «Мәміле» пікірталас клубының жаңа сабақтары бастау алды

 

 

Бүгін елордалық Достық үйінде өткен «Мәміле» пікірталас клубының биылғы жылдағы алғашқы сабағы «Мен қазақша сөйлеймін» тақырыбына арналды.
Іс-шара барысында тыңдаушылар жаңа сөздер үйреніп, «Руханият» КММ оқытушысы Сағым Естемісова берген тапсырмаларды орындады.

Айта кету керек, қалалық Достық үйінде өтетін қазақ тілін үйрену клубының арқасында түрлі этнос өкілдері оқу мен жазуды үйреніп қана қоймай, өз ойларын еркін жеткізе алатындай деңгейге жетіп жатыр.

You may also like...