Құттықтау хат

 

Бүгін елордалық «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің құрметті төрағасы, қалалық Ассамблеяға қарасты Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, еліміздің дамуына зор үлес қосқан танымал тұлға, көнекөз қариямыз Героев Салман Сайдарович 85-тің сеңгіріне шығып отыр. Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы мерейтой иесін шын жүректен жаңа жасымен құттықтайды!

Құрметті Салман Сайдарович!

Сіз еңбекте қажыр-қайратыңыздың арқасында арамызда талай абырой биігінен көрініп, ұрпағыңызға үлгі болар абзал жан ретінде өзіңізді таныттыңыз. Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты Сізді мағыналы ғұмырыңыздың биік бір белесіне жеткізді. Сіз осы кемелдікке тың жігер, жарқын көңілмен келіп отырсыз. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, мәдени мұраны сақтау жолында көптеген жұмыстар атқардыңыз және атқарып келесіз.

Бұл күні Сіздің қоғамдық және жеке өміріңізге табыс, деніңізге саулық, мұқалмас жігер, барлық жоспарларыңыз бен мақсаттарыңыздың орындалуын тілейміз! Абыройлы да ұзақ ғұмырдың иесі болыңыз!
Ізгі тілекпен, Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы

You may also like...