Алдымыздағы демалыс күндері Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ –нің қолдауымен «Жастар жолы» көшпелі жастар лагері өз жұмысын бастайды

Алдымыздағы демалыс күндері Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ –нің қолдауымен «Жастар жолы» көшпелі жастар лагері өз жұмысын бастайды. Екі күндік лагерь ағымдағы жылдың 29-30 шілдесінде Бурабайдағы «Greenwood» демалыс базасында өтеді.

Бағдарламаға сәйкес Астана қаласы ҚХА жастары және өзге де жас буын өкілдері үшін көшбасшылық дағдыларды, коммуникацияларды, кәсіби құзыреттіліктерді және басқа да маңызды дағдыларды дамытуға бағытталған арнайы тренингтер ұйымдастырылып, ойын-сауық бағдарламасы ұсынылады.

«Жастар жолы» лагерінің мақсаты өскелең ұрпақтың зияткерлік әлеуетін дамыту, патриоттық сезімін қалыптастыру және қатысушылар арасындағы қарым-қатынас пен өзара түсіністікті нығайту болып табылады.

You may also like...