Елордалық Ассамблея өкілдері Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен кездесті

Алғыс айту күні мерекесі қарсаңында елордалық Ассамблея өкілдері Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 3656 әскери бөлімінің офицерлері және келісімшарт бойынша әскери қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Жиын барысында Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының – Ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің өкілі әскерилерді ҚХА негізгі қызметімен таныстырып, ұлтаралық келісімді сақтау және нығайту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті.

Келесі болып сөз сөйлеген Астана қаласының өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов қалалық Ассамблеяға қарасты қоғамдық бірлестіктер туралы айтып берді.

Өз кезегінде «Ассамблея жастары» РҚБ Астана қаласындағы филиалының төрайымы Юлия Лагуткина Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді жастары туралы әңгіме өрбітті. Ол қолданыстағы жобалар туралы айтып, ҚХА жастарының қызметіне егжей-тегжейлі тоқталды. Сонымен қатар ұйым жетекшісі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтудегі Ассамблея жастарының рөлі туралы баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті.

You may also like...