ЕЛОРДАЛЫҚ ҚХА-ДА МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ БАСТАЛДЫ

Бүгін елордалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған «Медиация институтын дамыту» атты төрт күндік семинар-тренингтің ашылуы өтті. Оған этномәдени орталықтар қатысты.
Іс-шараның мақсаты – медиацияның екі жағын да қанағаттандыратын нұсқаға қол жеткізу және тараптардың жанжал деңгейін төмендету бағытында медиаторлардың әлеуетін арттыру, жалпы медиация институтын дамыту.
Астана қаласының «Тәуелсіз медициналық сарапшылар қауымдастығы» ҚБ басшысы Айнұр Сисенбаева:
– Қазақстан халқы Ассамблеясының басымдықтарының бірі медиация институтын дамыту және құқық қорғау қызметін күшейту болып табылады. Осы бағытта ҚХА медиация базасында кәсіби келіссөз жүргізушілердің бірегей институтын қалыптастыруға кірісті. Аталған семинар-тренинг тыңдаушыларға этносаралық қақтығыстарды реттеу әдістерін үйренуге мүмкіндік береді.
Біздің медиаторларды оқыту бағдарламасы теориялық бөлімді (дәрістер оқу), практикалық сабақтар, тренингтер, іскерлік ойындар өткізуді көздейді. Медиаторларды оқытудың практикалық бағыттылығына байланысты дәріс сабақтарының көлемі сабақтардың жалпы көлемінің 40 пайызынан аспауы тиіс. Сондықтан біз оқу бағдарламасына нақты жағдайларға еліктеуді енгіздік.
Тыңдаушылар «Эмоциялар әліпбиі» жаттығуында машықтанды, жеке мысалдармен қақтығыстардың жіктелуін талқылады, семинар соңында мультфильм көріп, пікір алмасты.
Ең қызықты бөлігі тренинг болды, оның аясында қатысушылар медиативтік процестің үш жағын қарастырды.
«Ван» армян мәдени орталығының этнолингвистикалық мектебінің жетекшісі Айастан Менян:
– Бұл тренинг маған өте ұнады, өйткені әр қатысушының өз пікірін айтуға мүмкіндігі болды. Даулар, әлеуметтік, тұрмыстық қақтығыстар мысалында біз жағдайларды талдаймыз, анализдейміз және осы процесте сіз жанжалға қатысушылардың әрқайсысының өз пікірі бар екенін түсіне отырып, мәселелерді шешу жолы мүлдем басқаша болуы мүмкін екенін білесіз.
Төрт күн ішінде біз осы пайдалы білімді аламыз және қақтығыстарды шешу әдістерін басшылыққа алуды үйренеміз деп үміттенемін.

You may also like...