«МӘМІЛЕ» КЛУБЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ САБАҚ ӨТТІ

Бүгін қалалық Достық үйінде «Мамиле» ситуациялық қазақ тілі клубының кезекті отырысы өтті. Отырыста қалалық ҚХА этномәдени орталықтарының өкілдері қатысты. Бұл жолы сабақтың тақырыбы «Қазақ тілі – ұлттық белгі» болды. Сабақ барысында тыңдаушылар мемлекетпен байланысты сөздерді зерттеп, жаңа сөздермен танысты.
Астана қаласы әкімдігінің тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Руханият» КММ оқытушысы Сағым Естемісова:
– «Қазақстан бүгінде бүкіл әлемге мемлекеттік дербестікті сақтап қана қоймай, өз жетістіктерімен басқа елдер арасында өз көшбасшылығын әлемдік мойындауға үміткер бола алатындығын сенімді түрде көрсетіп отыр. Тілдік және мәдени бірегейлікті сақтау және дамыту – Тәуелсіз Қазақстанның басым бағыттарының бірі».
– «Қазақ тілі клубында маған көп сөйлейтін практикалық бөлім ұнайды. Маған бұндай формат тиімді, өйткені біз бір-бірімізге сөздерді таңдауға, ой білдіруге көмектесеміз. Мен қазақ тілін қызығушылықпен және қуанышпен оқимын,-деді «Таң» татар-башқұрт орталығының мүшесі Райля Даутова.
Айта кетейік, «Мәміле» клубы 2019 жылдан бастап этномәдени орталықтардың өкілдері үшін мемлекеттік тілде еркін және ауызша сөйлеуді қалыптастыру мақсатында жұмыс істейді.

You may also like...