АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 150 ЖЫЛ ТОЛУЫНА АРНАЛҒАН ЖАЛПЫҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДИКТАНТ

Бүгін Достық үйінде көрнекті қоғам қайраткері, түрколог, ғалым – лингвист, ақын және аудармашы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы аясында «Ахмет Байтұрсынұлы – дәуірдің дара тұлғасы» атты жалпықазақстандық диктант өтті.

Оған этномәдени бірлестіктер, студент жастар, «Мәміле» ауызекі қазақ тілі клубының мүшелері, этнолингвистикалық мектептердің директорлары, зейнеткерлер, сондай-ақ барлық ниет білдірушілер қатысты.

Сонымен қатар, диктант елорда колледждерінде және «Руханият» орталығының тыңдаушылары арасында ұйымдастырылды. Жалпы алғанда, диктантқа 3000-ге жуық адам қатысты.

Аталған іс-шара тіл мәдениетінің деңгейін арттыру, мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, жастар арасында патриотизмге тәрбиелеу және қоғамдық келісімді нығайту мақсатында өткізіледі.

Елордалық «Юнчи» дүнген этномәдени орталығының төрайымы Зульфия Мұханзаева жыл сайын жалпықазақстандық диктантқа қатысады.

– Соңғы жылдары біздің дүнген орталығы мемлекеттік тілде диктант жазуға қатысып келеді. Біз өз білімімізді қуана тексереміз, өйткені біздің республикамыздың барлық азаматтары тілді білуі және онда жазуы тиіс деп есептейміз, сол арқылы біздің жастарға үлгі көрсетеміз. Диктант жазу сияқты тәжірибе өз біліміңізді тексеріп қана қоймай, көкжиегіңізді кеңейтуге мүмкіндік береді», – деді ол.

Айта кету керек, диктант әр түрлі ұлт өкілдерін ғана емес, әр түрлі жастағы адамдарды да біріктірді.

Диктант өткізуге «Руханият» орталығы» КММ оқытушылары әдістемелік көмек көрсетті.

You may also like...