ЕЛОРДАЛЫҚ БАЛАЛАР «САРЖАЙЛАУ» ЭТНОАУЫЛЫНА БАРДЫ

Бүгін Астана қаласының «Саржайлау» этноауылында балалар жылы және Қазақстан Республикасының Конституциясы күні аясында елорданың ҚХА Аналар кеңесі «SOS Балалар ауылына» балаларға арналған қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Іс-шара барысында балалар «Саржайлау» этноауылына саяхат жасап, онда қазақ халқының бай тарихымен, өнерімен және дәстүрлерімен танысып, ата-бабаларымыз өркениетінің этномәдени ортасына көз сүзіп, ауыл тұрмысын тамашалады. Балаларға «Тілашар» ұлттық дәстүрі ұсынылды, еліміздің Негізгі Заңы туралы ақпарат берілді, мерекелік дастархан жайылды.

Мектепе табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерге ақсақалдар бата беріп, әжелер шашу шашты. Елордалық «Жайхун» қарақалпақ этномәдени орталығы балаларға ән мен күй сыйлады.

«Балалар – еліміздің болашағы. «Тілашар» мерекесі арқылы біз балаларғды оқуға, қоршаған әлемді тануға деген ынтасын оятамыз», – деп атап өтті Аналар кеңесінің мүшесі Тұрар Шәкен және «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие мектебінің атынан балаларға сыйлықтар табыс етті.

«Аналар кеңесінің қызметі әр түрлі және маңызды, ол өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, отбасылық құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерді сақтауға бағытталған», – деп атап өтті Астана ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Алтынай Тәңірбергенова.

Этноауылда болған балалар өздеріне көптеген танымдық дүниелерін ашып, жақсы демалды.

 

You may also like...