Жарғы

 

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ

 

Директор – Айдашев Нұралы Бағытұлы.

 

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі  қызметінің мәні Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз етуге, этномәдени ұйымдарға және өзге де қоғамдық бірлестіктерге қолдау көрсетіп, Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттарын іске асыруға бағытталған.

 

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

Жарғысы

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының (бұдан әрі – Ассамблея) қызметін қамтамасыз ету бойынша функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Мемлекеттік мекеме Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарушы органы болып табылады (бұдан әрі – Атқарушы орган).

  1. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.
  2. Мемлекеттік мекеме Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 9 қыркүйектегі №14-1501 «Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысымен құрылды.
  3. Мемлекеттік мекеменің уәкілетті органы «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылады (бұдан әрі – Уәкілетті орган).

Мекеменің коммуналдық меншік құқығы субъектісі қызметін «Астана қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады;

  1. Мемлекеттік мекемені басқаруды жүзеге асырушы орган «Астана қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылады (бұдан әрі-Басқару органы).
  2. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Қоғамдық келісім» при акимате города Астана».

  1. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Б.Момышұлы даңғылы, №26.

 

  1. Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі

 

  1. Мемлекеттік мекеме тіркелген күннен бастап құрылды деп есептеледі және заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
  2. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңына сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Мекеменің атауы бар бланкілері, мөрі болады.
  3. Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
  4. Мемлекеттік мекеме өз міндеттемелері бойынша өзінің иелігіндегі ақшаға жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған жағдайда, оның міндеттемелері бойынша субсидиарлық жауапкершілікті Қазақстан Республикасы көтереді.
  5. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

 

  1. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары

 

  1. Мемлекеттік мекеменің негізгі қызметі Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз етуге жағдай жасау болып табылады.
  2. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты ұлттық бірлікті, қоғамдық келісімді нығайту, ұйымдастырушылық жүйесінің тиімділігін құру, Ассамблея қызметін қамтамасыз етудегі қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құру, қоғамдық-бұқаралық, ғылыми-талдамалық, ақпараттық жұмысты өткізу болып табылады.
  3. Мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекеттік мекеме мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
  • Сессияны, Ассамблея кеңесінің жиындарын және Ассамблеяның басқа да іс-шараларын өткізуді ұйымдастыру;
  • қалалық этномәдени бірлестіктердің тілді, мәдениетті, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрді насихаттау бойынша жұмысына жағдайлар жасау;
  • көркемөнерпаздар байқауын ұйымдастыру және өткізу, ән мен би мерекелерін, фестивальдар мен конкурстар, халықтық бейнелеу және қолданбалы шығармашылық көрмелерін ұйымдастыру және өткізу;
  • Ассамблеяның мақсат-міндеттерін іске асыруға бағытталған бұқаралық қоғамдық-саяси іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
  • Ассамблеяның және оның басқа да құрылымдарының ғылыми-сараптамалық тобының қызметін қамтамасыз ету;
  • Ассамблеяның Даму тұжырымдамасын іске асыру, оның ішінде оларды жоспарлау бойынша іс-шаралар өткізу;
  • мемлекеттік органдармен, бюджет және кәсіподақ ұйымдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, бизнес құрылымдарымен, саяси партиялармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
  • өңірдегі этносаралық қатынастардың жай-күйі бойынша талдамалық және болжамдық мәліметтерді дайындау және ол бойынша мониторинг жүргізу;
  • әкімдік басшылығының, ассамблея Хатшылығының тапсырмасы және мемлекеттік органдардың сұранымы бойынша мемлекеттік этносаясат мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық мәліметтер мен баяндамаларды дайындау;

10) этносаралық және конфессияаралық қатынастары реттеу бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды дайындау;

11) мемлекеттік басқару органдарына, қоғамдық ұйымдарға этносаралық және конфессияаралық мәселелер бойынша кеңес беру;

12) Ассамблея қызметіне байланысты ақпараттық қолдауды жүзеге асыру;

13) Ассамблея қызметін жариялау мәселелері және мемлекеттік этносаясатты дамыту бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен, соның ішінде интернет-ресурстарымен жұмыс істеу;

14) Ассамблеяның медиа-жоспарларын әзірлеу және оны іске асыру;

15) Ассамблея қызметін ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу;

16) Ассамблеяның ағартушылық қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру, оқыту семинарлары мен тренингтер өткізу;

17)  мемлекеттік этносаясат саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласын зерделеу, оның жай-күйі туралы талдау жүргізу, оның дамуын болжау және жетілдіру бойынша ұсынымдар дайындауды ұйымдастыру;

18) мемлекеттік органдар мен  ұйымдар өткізетін ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу, қоғамдық медиация қағидаттарына негізделген (келісімге келу) қақтығыстарды шешудің балама әдісін әзірлеу, қолдану және дамытуға жәрдемдесу;

19) Ассамблея қызметінің этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласы бойынша ғылыми, сондай-ақ ғылыми-әдістемелік және ақпараттық әдебиеттерді дайындауды ұйымдастыру;

20) Ассамблея қызметінің бағыттары бойынша ақпараттық материалдарды шығаруды, ғылыми мақалалар, монографиялар, оқу құралдарын басып шығаруды және баспа қызметін ұйымдастыру;

21) Ассамблея қызметінің бағыттары бойынша конференциялар, семинарлар және басқа да  іс-шаралар ұйымдастыру;

22) Ассамблеяның халықаралық ынтымақтастығын, халықаралық және басқа да іс-шараларға қатысуын ұйымдастыру;

23) Ассамблеяның мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту бойынша жұмысын ұйымдастыру;

24) Ассамблеяның ынтымақтастық туралы келісімін және бекітілген меморандум бойынша міндеттемелерді орындау аясындағы жұмысты ұйымдастыру;

25) мемлекеттік органдармен, мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;

26) Қазақстан Республикасы заңмасының талаптарына жауап беретін және мемлекеттік мекеме Жарғысына қайшы келмейтін өзге де қызмет  түрлерін жүзеге  асыру және мәмілелер жасау.

Мемлекеттік мекемеге өз қызметінің осы Жарғыда бекітілген мәні мен мақсатына сай келмейтін қызметті, сондай-ақ мәмілелер жасауды жүзеге асыруына тыйым салынады.

  1. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңдарына, құрылтай құжаттарына қайшы немесе мемлекеттік мекеме басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі Уәкілетті органның немесе прокурордың талап арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
  2. Мемлекеттік мекеме басшысының Мекеменің жарғыдан тыс қызметті жүзеге асыруына бағытталған әрекеті еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік әрі материалдық жауапкершілік шараларын қолдануға әкеп соғады.

 

  1. Мемлекеттік мекемені басқару

 

  1. Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды Басқару органы жүзеге асырады.

Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығы мемлекеттік мекеменің қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен қызметін үйлестіреді;

  1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;

2) мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспарын бекітеді;

3) Мемлекеттік мекеме Жарғысын, оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

4) Мемлекеттік мекеме (ереже) Жарғысын, оған енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды бекітеді;

5) Мемлекеттік мекеме қабылдаған шешімдер тәртібін, құрылым тәртібін, мемлекеттік мекемені басқару органының өкілеттік мерзімін және қалыптасу тәртібін айқындайды;

6) Мемлекеттік мекеме басшысының жауапкершілігін, міндеті мен құқын, оның атқарған қызметтен босатылу негізін айқындайды;

7) Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекеменің шекті шататтық санын және оның құрылымын бекітеді;

8) Мемлекеттік мекеме басшысының ұсынысы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) тағайындайды және қызметтен босатады.

9) жылдық қаржылық есепті бекітеді;

10) мемлекеттік мекемеге берілген мемлекеттік мүлікті алу немесе мүлікті қайта бөлу және шаруашылық қызметінің меншікті шешіміне байланысты оны пайдалануға қатысты уәкілетті органға жазбаша түрде келісімін береді;

11) Уәкілетті органның келісімі бойынша мемлекеттік мүлікті қайта құруды және республикалық мемлекеттік мекемені таратуды іске асырады (жергілікті атқарушы орган коммуналдық мемлекеттік мекемені тарату немесе қайта құру туралы шешім қабылдайды) ;

12) Қазақстан Республикасының заңына және осы Жарғыға енгізілген және басқа да өкілеттіліктерді іске асырады;

  1. Қазақстан Республикасының бекітілген заңына байланысты мемлекеттік мекеме басшысын Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының келісімі бойынша Құрылтайшы қызметке тағайындайды және оны қызметтен босатады.
  2. Мемлекеттік мекеме басшысы мекеме жұмысын басқарады және ұйымдастырады, тікелей уәкілетті органға бағынады және Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығымен өзара байланыста болады, мекемеге жүктелген міндеттерді және өз міндетін іске асыруда (Қазақстан Республикасының бекітілген заңына байланысты) жеке жауапкершілікте болады.
  3. Мемлекеттік мекеме басшысы өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының бекітілген заңдарына және осы Жарғыға (ереже) сәйкес, мекеменің қызметіне қатысты сұрақтарды дербес шешеді.
  4. Мемлекеттік мекеме басшысы жарғыда көрсетілмеген мемлекеттік мекеме қызметін іске асыруға бағытталған еңбек міндеттемелерін бұзған әрекеті үшін тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тартылады;
  5. Мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңында белгіленген тәртіппен:

1) Мемлекетік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесіне қызмет етеді;

3) шарттар жасасады;

4) сенімхаттар береді;

5) іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері бойынша мемлекеттік мекеменің тәртібі мен жоспарын бекітеді;

6) банк шоттарын ашады;

7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

8) Уәкілетті орган тағайындаған қызметкерлерден басқасын, мемлекеттік мекеме қызметкерлерін қызметке қабылдайды және қызметтен босатады;

9) Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне ынталандыру шараларын және тәртіптік жаза қолданады;

10)  өз орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерінің шеңберін айқындайды;

11) Қазақстан Республикасының заңында, осы Жарғыда өзіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

  1. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құралу тәртібі
  2. Мемлекеттік мекеме мүлкі заңды тұлғаның активтерінен құралады, олардың құны оның балансында көрсетіледі. Мемлекеттік мекеменің мүлкі мына есептен құралады:

1) меншік иесі берген мүлік;

2) өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірісті қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.

  1. Мемлекеттік мекеменің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға және өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
  2. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, мемлекеттік мекемеге кіріс алып келетін қызметпен айналысуға құқық беріледі, бұл қызметтен келген ақша

Қазақстан Республикасы заңына  сәйкес тиісті бюджетке аударылуға жатады.

  1. Мемлекеттік мекеменің қызметі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
  2. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңына сәйкес есептілік ұсынады.
  3. Мемлекеттік мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру мен ревизиялауды Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен Құрылтайшы жүзеге асырады.

 

  1. Мекемедегі жұмыс режимі

 

  1. Мемлекеттік мекеменің жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңы нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

 

  1. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар

енгізу тәртібі

 

  1. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі.
  2. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес тіркеледі.
  3. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асырылады.

 

______________________________________