Елордалық ассамблеялықтар сенбілікте


Бүгін «Birge – taza Qazaqstan» республикалық акциясы аясында елордалық ҚХА жастары өкілдері “Сарыарқа” ауданы әкімінің аппаратымен бірлесіп жалпықалалық сенбілікке шықты.

Сенбілікке қатысушылар “Сарыарқа” ауданының көшелері мен аумағын абаттандыру бойынша жұмыс жүргізді. Атап айтқанда, Көктал-2 елді мекенінің Ақмола және Ұлытау көшелері қоқыстан тазартылып, абаттандырылды.

Сенбілікке қатысушылар көгалдандыру, жинау, ағаш отырғызу – бұл санитарлық талаптар ғана емес, сонымен қатар біздің ортақ мәдениетіміздің, өз қаламыз бен табиғатымызға ұқыпты қараудың белгісі екенін атап өтті.

Елордалық ҚХА жастар өкілдерінің айтуынша, тұрғылықты жерлердің келбеті мен тазалығы көбіне қалалықтарға байланысты. Бұл үшін тазалықты сақтауға коммуналдық қызмет қызметкерлері ғана емес, елорданың әрбір тұрғыны жұмылдырылуы тиіс.

Еске сала кетейік, бұған дейін елорданың этномәдени бірлестіктерінің өкілдері жалғызбасты қарттар мен ерекше қамқорлыққа мұқтаж адамдар үйлерінің аулаларын тазалауға қатысқан болатын.

Жалпы елордада «Birge – taza Qazaqstan» республикалық акциясы аясында 16 сәуір мен 16 мамыр аралығында экологиялық айлық өтеді. Қалада жалпықалалық және коммуналдық сенбіліктер, сондай-ақ ағаш отырғызу іс-шаралары жоспарланып отыр.

You may also like...