(KAZ) 🔹Елордада Журналистер клубының мүшелері бас қосты Қалалық Достық үйінде елордалық…
🔹Елордада Журналистер клубының мүшелері бас қосты
Қалалық Достық үйінде елордалық Ассамблеяға қарасты Журналистер клубының кезекті жұмыс отырысы өтті. Қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында атқарылған жұмыстарды пысықтап, келесі жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады.
Сондай-ақ отырыс барысында клуб төрағасы Аделия Тухбатова жиналғандарды клубтың жаңа мүшелерімен таныстырып, олардың қатарға қосылуы медиа -орталықтың әлеуетін арттыратынына сенім білдірді.
Іс-шара қорытындысы бойынша этносаралық қатынастар саласына қатысты маңызды тақырыптарды кеңінен әрі жүйелі түрде жариялауға бағытталған бірлескен іс-қимыл жоспары қабылданды.
#қхажурналистерклубы #қха30жыл #отырыс#бақ










