⚜️Елордалық Достық үйінде отбасылық құндылықтарды нығайту мен азаматтық қоғамды дамыту…
⚜️Елордалық Достық үйінде отбасылық құндылықтарды нығайту мен азаматтық қоғамды дамыту мәселелері талқыланды
2025 жылғы 5 желтоқсан күні елордалық Достық үйінде Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің «Әрекет алаңы» жобасы аясында кеңейтілген отырысы өтті.
Жиында құттықтау сөз сөйлеген Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Құсайынова Аналар кеңесінің отбасы институтын сақтау мен нығайтуда, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Өз кезегінде Аналар кеңесінің төрағасы Алтынай Тәңірбергенова «Мәдени ана – мәдени ұлт» және «Салауатты сана» ҚХА жобалары аясында атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Спикерлер ретінде мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және қоғам қайраткерлері сөз сөйледі. Басқосу барысында әділетті әрі тұрақты қоғам құрудағы әйелдердің рөлі туралы сөз етіліп, отбасылық құндылықтарды нығайту мен азаматтық қоғамды дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен бірге жиын барысында нашақорлық, лудомания зиянды әдеттердің алдын алу және басқа да әлеуметтік кеселдерге жол бермеу мәселеріне ерекше назар аударылды. ⠀
Іс-шараның соңғы бөлігінде киізден сурет жасау бойынша шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Оның барысында қатысушылар қолөнердің қыр-сырымен танысып қана қоймай, қазақ халқының мәдени болмысы мен тарихи тамырын сезіну мүмкіндігіне ие болды.
Айта кетейік, дөңгелек үстел жұмысы басталмас бұрын қатысушылар Астана қаласының Психологиялық қолдау орталығында болып, мекеменің қызметімен танысты.
#аналаркеңесі #салауаттысана #отырыс#қха30жыл










