(KAZ) 🔹Елордалық ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері мектеп оқушыларымен кездесу өткізді Астана…

Извините, этот текст доступен только на “KAZ”.

🔹Елордалық ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері мектеп оқушыларымен кездесу өткізді

Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі елордалық мектептердің ұстаздарымен, оқушыларымен және ата-аналармен кездесу жұмыстарын жалғастыруда.
Нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресуге бағытталған «Салауатты сана» бағдарламасы аясында Аналар кеңесінің мүшелері №110 орта мектебінің оқушылары мен олардың ата-аналарымен кездесу өткізді. Сондай-ақ іс — шараға Нұра ауданы полиция басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкері, полиция майоры Зарина Тұрсынова қатысты.

Өз сөзінде Астана қаласы ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Алтынай Танирбергенова балалардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне көңіл бөлу маңыздылығын тілге тиек етіп, отбасы мен мектептің тәрбие процесіндегі рөліне тоқталып өтті. Сонымен бірге жиын барысында нашақорлық, лудомания зиянды әдеттердің алдын алу және басқа да әлеуметтік кеселдерге жол бермеу мәселеріне ерекше назар аударылды. ⠀

Алдағы уақытта Аналар кеңесінің бастамасымен өтіп жатқан және отбасы институтын қолдауға, салауатты өмір салты құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған мұндай кездесулер жалғасын табатын болады.

#салауаттысана #аналаркеңесі #жоба #қха30жыл #анк30лет

Вам может также понравиться...