Бүгін, Республика күні мерекесі қарсаңында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградалары және…
Бүгін, Республика күні мерекесі қарсаңында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградалары және Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық наградалары табысталған салтанатты рәсім өтті. Іс-шара барысында қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға, қайырымдылықты дамытуға және мәдени дәстүрлерді сақтауға зор үлес қосқан тұлғалар марапатталды.
Олардың қатарында елордадағы ҚХА өкілдері де бар.
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» қоғамдық алтын медалімен – «Колхети» грузин қоғамдық-мәдени орталығының төрағасы Апхазава Елгуджа Борисович;
ҚХА-ның «Жомарт жан» төсбелгісімен – Астана қаласындағы «Әзербайжандар қауымдастығы» РҚБ филиалының жетекшісі Гулиев Бахыш Ханлароглы;
ҚХА Құрмет грамотасымен – «Таң» татар-башқұрт этномәдени орталығының мүшесі Даутова Райля Юсуповна;
ҚХА Алғыс хатымен – «Жайхун» қарақалпақ этномәдени орталығының мүшесі Аитбаева Гүлмира Қарабаевна марапатталды.




