«Республика-ел бірлігінің нышаны!» атты мерекелік іс-шарасы өтті Астанада Республика күніне…

«Республика-ел бірлігінің нышаны!» атты мерекелік іс-шарасы өтті

Астанада Республика күніне орай «Республика-ел бірлігінің нышаны!» атты мерекелік іс-шара өтті.
23 қазан 2025 жылы елордадағы Достық үйінде өткен бұл шараға Астана қаласы әкімдігінің, қалалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, студенттер, оқытушылар мен қала қонақтары қатысты.

Іс-шараны қалалық «Хазар» этномәдени бірлестігі мен этномәдени бірлестіктің жастар қанаты және Maqsut Narikbaev University жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының студенттік ұйымыны бірлесе атқарды.

Мерекенің салтанатты ашылуында Астана қаласы «Хазар» әзербайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Рзаев Махир Мухтарұлы Республикa күні – Тәуелсіздіктің, бірліктің және ұлттық сананың символы екенін атап, құттықтау сөзін сөйледі.

Мемлекеттік Ту салтанатты түрде енгізіліп, Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды.

Мерекелік концерт Қазақстан халқының мәдени әралуандығы мен бірлігінің айқын көрінісі болды.
Бағдарлама барысында «Кадир» ансамблі, корей этномәдени бірлестігінің «Самульнори» тобы,
халықаралық байқаулардың лауреаты мультиинструменталист Намазов Садиг Махарұлы Абайдың «Көзімнің қарасы» шығармасын тарда, қалалық әртіс Анатолий Сысоев Құрманғазының «Адай» күйін «Ұлытау» тобының өңдеуінде орындады;

You may also like...