📣ХАБАРЛАНДЫРУ! Құрметті достар! Сіздерді 2025 жылғы 22 қазан күні Астана…

📣ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті достар!

Сіздерді 2025 жылғы 22 қазан күні Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен Достық үйінің алаңында өтетін «Дәстүр мен бірлік. Бір шаңырақ астында» атты жарқын фестивалінің қонағы болуға шақырамыз! Республика күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шараның басты мақсаты – егемендігімізді дәріптейтін ұлттық мерекемізді ұлықтау, этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту, сондай-ақ еліміздің мәдени әралуандылығын көрсету.

Жиналған қонақтардың назарына этномәдени бірлестіктерге қарасты шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады. Сондай-ақ «Zeken Moda» сән үйінің ұлттық киімдер эксклюзивті топтамасының көрсетілімі өтеді.

Аталмыш фестиваль еліміздегі бірлік пен келісімнің жарқын үлгісін көрсетіп, келген қонақтардың арасында жақсы көңіл-күй мен қуаныштың символы ретінде есте қалмақ.

Іс-шараның басталуы сағат 15:00 – де.

***

🔸Дорогие друзья!

Приглашаем вас на грандиозный и униальный фестиваль «Дәстүр мен бірлік. Бір шаңырақ астында», который пройдет 22 октября в столичном Доме дружбы!
Мероприятие, приуроченное ко Дню Республики и 30 –летию Ассамблеи народа Казахстана, направлено на укрепление общественного согласия и общенационального единства, а также демонстрацию культурного и этнического многообразия страны.

Вас ждет яркая и насыщенная праздничная программа. Также вниманию гостей будет представлен показ эксклюзивной коллекции национальной одежды дома моды «Zeken Moda».

Это яркое событие, которое обещает стать новой площадкой межкультурного диалога, сохранения и укрепления казахстанской модели общественного согласия и единства, проводится впервые и призвано стать новой доброй традицией.

Начало мероприятия в 15.00.

#фестиваль#бірлік#татулық#біршаңырақастында #қха30жыл #анк30лет

You may also like...