(KAZ) Достық үйінде «Қазақша сөйлесейік!» атты дөңгелек үстелі өтті Достық үйінде…

Sorry, this entry is only available in KAZ.

Достық үйінде «Қазақша сөйлесейік!» атты дөңгелек үстелі өтті

Достық үйінде Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Мәміле» қазақ тілі клубының отырысы өтті. Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін арттыру, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту, еліміздегі сан ғасырлар бойы қалыптасқан береке-бірлікті, ынтымақ пен рухани келісімді сақтау және одан әрі жетілдіру.

Пікірлесу клубына әдеттегідей этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Олар берілген тапсырмаларды орындап, өз ойларын ортаға салып, қазақ тілін өркендету үшін оны толыққанды үйрену қажеттігін алға тартты. Сондай-ақ қатысушылар қазақ тілін үйренуге деген құлшынысын көрсетіп, достық пен бірлік іспетті қастерлі құндылықтарды құрметтеу керектігін атап өтті.

Айта кетейік, «Руханият» КММ оқытушысы, кәсіби маман Сағым Естемісова сабақ берудің жаңашыл әдіс -тәсілдерін қолданып, қатысушылардың мемлекеттік тілді оңай әрі тиімді үйренулеріне ықпал етіп келеді.

#Қазақстанхалқытілдерікүні #Деньязыков народаКазахстана #ҚХА30жыл #АНК30лет #ANK30years

You may also like...