Ингушетия Республикасының үкіметтік делегациясы Достық үйінде болды
Астана қаласына сапары аясында Ингушетия Республикасы үкімет басшысының бірінші орынбасары Магомед Евлоев бастаған делегация Достық үйінде болды.
Арнайы ұйымдастырылған экскурсия барысында мәртебелі меймандар елордалық Ассамблеяның тарихымен, этномәдени орталықтардың қызметімен танысып, қолөнер бұйымдарын, экспонаттарды және түрлі этностардың тұрмыстық бұйымдарын тамашалады.
Ал дөңгелек үстел басында тараптар екі ел арасындағы достық, бауырластық тақырыбында әңгіме өрбітіп, сондай –ақ еліміздегі жалпыұлттық бірлікті нығайту мен сақтауда Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі туралы сөз етті.
Кездесу соңында Ингушетиядан келген құрметті қонақтарға естелік сыйлықтар табыс етілді. Шетелдік меймандар ризашылықтарын білдіріп, екі ел арасындағы қарым-қатынас ортақ құндылықтарға, достық пен бауырластыққа негізделгенін атап өтті.
https://www.instagram.com/p/DB7xWxFI-bm/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA&img_index=1