Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаталды.
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаталды. Атап айтқанда, қалалық ҚХА мүшесі Зулфухар Гаипов Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бiрлiк» алтын медалiмен, ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы Наргизам Махмудова ҚХА-ның Құрмет грамотасын иеленді. Елордалық орыс мәдени орталығының мүшесі Андрей Авдеев ҚХА-ның алғыс хатын алды, ал «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығының белсендісі Сергей Садыков Астана қаласы әкімінің атынан алғыс хатпен марапатталды. Сондай- ақ Астана қаласы ҚХА хатшылығының қызметкері Гүлнар Тайгокова «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері атанды.
Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз және жаңа биік жетістік шыңдарына көтеріле беріңіздер деп тілек білдіреміз.
https://www.instagram.com/p/DBhCQkFu7jF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA&img_index=1