Астанада Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай іс-шара өткізілді
Елордада Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай елордадағы ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті. Одан кейін іс-шара Достық үйінде дөңгелек үстелмен жалғасты.
Іс-шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, ардагерлер ұйымдарының, қалалық ҚХА мүшелері, Ақсақалдар және Аналар кеңестерінің, Ғылыми –сараптамалық тобының, «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдері, Р.Қошқарбаев атындағы №44 орта мектебінің оқушылары қатысты.
Алқалы жиын барысында қатысушылар аты аңызға айналған ұлы тұлғаның өмір жолына тоқталып, сұрапыл соғыс жылдарындағы оның ерліктерін еске алды. Мұндағы мақсат – ата –бабаларымыздың ерлігін ұлықтау мен насихаттау, өскелең ұрпақтың
https://www.instagram.com/reel/DBQ_8D3Cv-a/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA бойында қазақстандық патриотизм мен ұлттық сана -сезімді қалыптастыру.