Достық үйінде елордалық ҚХА ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Достық үйінде Халықаралық қарттар күніне орай елордалық ҚХА ардагерлеріне құрмет көрсету іс-шарасы өтті. Басты мақсаты — аға буынның еліміздің рухани және мәдени құндылықтарын қалыптастырудағы рөлін айшықтау, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қосқан үлестерін атап өту.
Алғашқы болып сөз сөйлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов қазыналы қарттарымызды мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
Сондай-ақ іс-шара барысында «Біз жастарға үлгі» атты фотокөрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Көрме экспозициясында көпшілік назарына ҚХА ардагерлері бейнеленген фотоматериалдар ұсынылды. Сонымен бірге ұрпағына ұлағатты сөз айтып, ақыл-кеңесін аямайтын қазыналы қарттарымызға шағын концерт ұйымдастырылып, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
https://www.instagram.com/reel/DAlVOEZo5yc/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA