Достық үйінде «Мен қазақша сөйлеймін» атты дөңгелек үстел өтті

Достық үйінде «Мен қазақша сөйлеймін» атты дөңгелек үстел өтті

Достық үйінде Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Мәміле» қазақ тілі клубының отырысы өтті. Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін арттыру, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту, еліміздегі береке-бірлікті, ынтымақ пен рухани келісімді сақтау және одан әрі жетілдіру.

Пікірлесу клубына әдеттегідей этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Олар берілген тапсырмаларды орындап, өз ойларын ортаға салып, қазақ тілін өркендету үшін оны толыққанды үйрену қажеттігін алға тартты. Сондай-ақ қатысушылар қазақ тілін үйренуге деген құлшынысын көрсетіп, достық пен бірлік іспетті қастерлі құндылықтарды құрметтеу керектігін атап өтті.

Айта кетейік, «Руханият» КММ оқытушысы, кәсіби маман Сағым Естемісова сабақ берудің жаңашыл әдіс -тәсілдерін қолданып, қатысушылардың мемлекеттік тілді оңай әрі тиімді үйренулеріне ықпал етіп келеді.

https://www.instagram.com/reel/C_gC99HMmJH/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA%3D%3D

You may also like...