Астанада жаңа әлеуметтік-патриоттық журналдың таныстырылымы өтті
Елордада «Tayelsiz Qazaqstannın Halyq Batyrları» қоғамдық бірлестігінің «Халық батырлары» республикалық әлеуметтік-патриоттық журналының тұсаукесері өтті.
23 сәуір күні «Халық батырлары» журналы оқырмандарға ұсынылды. Ұйым басшысы, елордалық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бақытжан Ертаевтың айтуынша, бұл журнал – батырлар мен өскелең жастар арасындағы көпір.
«Қазіргі жастардың бойында патриотизмді қалыптастырудың құрамдас бөлігі – өз еліне деген сүйіспеншілік, адамгершілік пен ізгілік. Сондықтан осы журнал арқылы патриоттық тәрбиенің орны ерекше болатынына сенімім мол», – деді Бахытжан Ертаев басылымның ресми таныстырылымында.