Елордада қалалық ҚХА-ның XXII сессиясы өтті

Елордада қалалық ҚХА-ның XXII сессиясы өтті

26 маусым күні елордалық әкімдікте және бейнебайланыс режимінде Достық үйінде қала әкімі Жеңіс Қасымбектың төрағалығымен «Бірлік пен ынтымақ – мемлекеттің негізі» атты тақырыпта Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Махан, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, ҚХА мүшесі Евгений Больгерт, кәсіби бокстан әлем чемпионы, ҚХА мүшесі Фируза Шәріпова, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері және елордалық Ассамблея мүшелері қатысты.

Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында берілген тапсырмаларды іске асыру аясында елордалық ҚХА –ның мақсат – міндеттері жайында баяндалып, қоғамдық институттың қайырымдылық қызметі, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек көрсетуге бағытталған «Жүректен жүрекке» арнайы жобасы туралы сөз етілді. Сондай-ақ Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының жаңадан сайланған орынбасарлары таныстырылды. Іс-шара қалалық ҚХА белсенді мүшелеріне алғыс хаттар табыстаумен аяқталады.

https://www.instagram.com/p/C8sFYnPs5vS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA%3D%3D

You may also like...