Астана қаласы ҚХА кубогі үшін шағын футболдан турнир жеңімпазы анықталды

Астана қаласы ҚХА кубогі үшін шағын футболдан турнир жеңімпазы анықталды

Елордада Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының кубогы үшін «Спорт – ұлт денсаулығы» атты шағын футболдан турнир аяқталды

Екінші ойын күні де өте тартысты өтті. Барлық қатысушылар тамаша спорттық дайындығын, ойын шеберлігін және жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, турнирге жалпы 9 команда қатысты.

Финалдық кездесуде қырғыз этномәдени бірлестігінің «Манас» командасы татар-башқұрт мәдени орталығының «Таң» командасын 3 -0 есебімен ұтып, турнир жеңімпазы атанды. Ал 3-ші орын үшін таласта тәжік этномәдени орталығының «Исма» командасының футболшылары түрік этномәдени бірлестігінің құрамасынан басым түсті.

Жүлделі орындарға ие болған командалар ақшалай сертификаттармен, кубоктармен және медальдармен марапатталды.

Айта кетейік, елордалық Ассамблеяның ұйытқы болуымен аталмыш турнир жыл сайын ұйымдастырылып, дәстүрлі іс-шараға айналды.

https://www.instagram.com/p/C8jqzaasmWi/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA%3D%3D&img_index=2

You may also like...