Түрлі этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді үйрету мәселелері елордалық ҚХА-ның жұмысындағы басым бағыттарының бірі болып табылады.

 

Осыған орай этномәдени орталықтардың өкілдері үшін еркін сөйлеуді қалыптастыру мақсатында қазақ тілін үйрену курстары өткізіліп келеді.

Бүгін Достық үйінде өткен кезекті сабақ барысында тыңдаушылар жаңа сөздер үйреніп, оқытушы берген тапсырмаларды орындады.

Айта кету керек, аталмыш курстардың арқасында түрлі этнос өкілдері оқу мен жазуды үйреніп қана қоймай, өз ойларын еркін жеткізе алатындай деңгейге жетіп жатыр.

You may also like...