Eлордалық Ассамблея мүшелері сенбілікке қатысты

Бүгін елордада «Таза Қазақстан. Астана-тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты экологиялық айлығы бастау алды.

Акция аясында елордалық ҚХА мүшелері, Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері де сенбілікке шықты.

Сенбілік барысында қатысушылар Достық үйінің аумағын шөп-шалам мен қоқыстардан тазартты.

You may also like...