Елордалық ҚХА Алғыс айту күніне орай қайырымдылық акциясын өткізді

Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Алғыс айту күніне орай «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қайырымдылық акциясын өткізді. Шара мақсаты – қарт адамдарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық жасап, Алғыс айту мерекесін атап өту аясында оларға көңіл бөлу. Аға буын өкілдеріне мерекелік дастархан жайылып, этномәдени бірлестіктерге қарасты шығармашылық ұжымдардың қатысуымен жарқын концерттік бағдарлама ұсынылды.

Айта кету керек, мекемеде 300-ден астам жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар тұрады. Сонымен қатар орталықта 10-нан астам түрлі ұлт өкілдері қызмет алуда. Олар украиндар, орыстар, белорустар, немістер, татарлар, ингуштар, башқұрттар және т.б.

 

Толығырақ

 

 

You may also like...