Қайырымдылық акциясы: елордада науқас балалардың еміне қаражат жинау басталды

 

ҚЫМБАТТЫ ДОСТАР!

Елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жыл сайын ерекше қажеттіліктері бар науқас балаларға көмек көрсетіп келеді. Біз қиын өмірлік жағдайға тап болған жандарға көмек көрсетуді міндетіміз деп санаймыз.
Олардың өмірінің әрбір жаңа күні-ауыр дертпен күресу. Осындай балалардың бірі 10 жастағы Тамерлан. 2016 жылдан бастап қалалық Ассамблея оның өміріне қажетті жүйелі ем алу үшін қаржылай көмек көрсетіп келеді. Баланың диагнозы: церебральды сал ауруы, спастикалық трипарез, симптоматика эпилепсиясы.

❗️❗️❗️Көмекке мұқтаж келесі баланың есімі Родион. Қазіргі уақытта оның қамқоршысы – әжесі. Науқас баланың жүйелі емделуіне және оның денсаулығын қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін қаражат қажет.
Медициналық қорытындыға сәйкес, Родионнның орталық жүйке жүйесінің патологиясы, пассивті бұлшықет белсенділігі, көру және есту, сөйлеу қабілетінің бұзылыстары бар.Баланың диагнозы: церебральды сал ауруы, спастикалық диплегия, эпилептикалық энцефалопатия.

Қымбатты достар! Сіздерді жанашырлық пен мейірімділік танытып, балалардың еміне қаржылық көмек көрсетуге шақырамыз.

📍Қаражатты аудару үшін деректемелер:

Сейчанов Тамерлан
KASPI Gold 4400 4301 4593 4888
Анасының байланыс телефоны: 87022321584 (Шәріпова Айгүл)

Равич Родион Витальевич
Kaspi GOLD 4400 4302 0189 6889
Әжесінің (қамқоршысының) байланыс телефоны: 87013601481 (Дребот Марина)

You may also like...