«Радуга» орыс әндерінің ансамблі дәстүрлі есептік концертін берді

 

 

Елордалық Достық үйінде «Радуга» орыс әндері ансамблінің дәстүрлі есептік концерті өтті. Мерекелік шара барысында шығармашылық ұжым мен «Раздолье» орыс және казак әндерінің халық ансамблі өнер көрсетіп, қонақтарға тамаша көңіл- күй сыйлады.

Дәстүрге айналған жыл сайынғы есептік концерт атқарылған жұмыстарды қорытындылаудың бір түрі және ансамбльдің жаңа шығармашылық жетістіктерінің көрсеткіші болып табылады.

Айта кетейік , «Дала өлкесі казактарының одағы» ҚБ қарасты «Радуга» орыс әндерінің ансамблі 2017 жылдың желтоқсанында құрылған болатын. Сол уақыттан бері ансамбль көптеген мәдени шараларға тұрақты түрде қатысып келеді.

You may also like...