Максим Когай «Ассамблея жастары» РҚБ Астана қаласы бойынша өкілдігінің төрағасы болып сайланды

 

 

Достық үйінде «Ассамблея жастары» РҚБ қалалық өкілдігінің биылғы жылғы алғашқы отырысы өтті. Іс-шараға елордалық ҚХА хатшылығының қызметкері Гүлнар Тайгокова, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев қатысты.
Басқосу барысында ұйым жетекшісі Юлия Лагуткина 2023 жылы атқарған жұмыстары бойынша есеп беріп, осы жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды. Өкілдік өткен жылы көптеген семинар-тренингтер өткізді. Ал белсенді жастар 30-дан астам ірі іс-шараларға белсене қатысты.

Сондай-ақ алқалы жиында өкілдіктің жаңа төрағасы ретінде Максим Когай таныстырылды. Айта кетейік, М.Когай елордалық Корей жастары қозғалысының да жетекші қызметін атқарады.

Жиын соңында жаңадан сайланған төраға алға қойған мақсат-міндеттерін айтып, ұйымның маңызды шараларға қатысуына және үлес қосуына барынша атсалысатынын алға тартты.

You may also like...