Елордалық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшелері бас қосты

 

 

Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің мүшелері Достық үйінде биылғы жылғы алғашқы отырысын өткізді.

Күн тәртібінде кеңестің ағымдағы жылы атқаратын жұмыстарын талқылау, бекітілген жоспар бойынша өтетін іс-шаралар туралы қатысушыларды хабардар ету, жалпы мақсат-міндеттерді айқындау және басқа да мәселелер болды.

Алғашқы болып сөз сөйлеген Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Құсайынова Ақсақалдар кеңесінің алға қойған жоспарларына шолу жасап, олардың жұмыстарына сәттілік тіледі.

Алқалы жиын барысында ұйым төрағасы Бахытжан Ертаев сөз сөйлеп, аға буынның маңызды қоғамдық, саяси, мәдени шараларға барынша ат салысатынын атап өтті.

Сонымен қатар кездесуде этносаралық татулықты сақтау, қоғамдық келісімді нығайту бойынша бірқатар келелі ойлар мен ұсыныстар айтылды.

You may also like...