Бүгін елордалық қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы, еліміздің дамуына зор үлес қосқан танымал тұлға Шавкат Исмаилов 70-тің сеңгіріне шығып отыр.

 

Осыған орай Астана қаласының Достық үйінде салтанатты жиын өтті. Оған ҚХА Хатшылығының өкілдері, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, «Қоғамдық келісім» РММ-нің басшылығы, қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары және Достық үйінің қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында қонақтар мерейтой иесін туған күнімен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді. Сондай-ақ іс-шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары –ҚР ПӘ Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің атынан құттықтау хаттар табысталды.

Айта кетейік, оның алдында Шавкат Исмаилов Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкеннің атынан құттықтау хатын алды.

You may also like...