Елордада Дағыстанның халық ақыны Р.Ғамзатовтың 100 жылдығын атап өтті

 
Бүгін елордалық Достық үйінде дағыстандық жыршы, авар халқының ұлы ақыны Расул Гамзатовтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шара өтті.
Оған Р.Ғамзатов атындағы мәдениетті қолдау қоғамдық қорының президенті, ақынның қызы Салихат Гамзатова, қоғам және мемлекет қайраткері Дархан Мыңбай, Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдаулет Әлмұханов және Дағыстандық делегация өкілдері қатысты.
Іс-шараға Қазақстандағы Дағыстан этномәдени бірлестіктері қауымдастығының төрағасы Юсуп Шахшаев модераторлық етті.

Жиында ақынның өнегеге толы ғұмыры мен әлемнің бірнеше тіліне аударылған шығармалары жайлы әңгіме қозғалды. Іс-шарада сөз сөйлеген Салихат Гамзатова әкесінің еңбекқорлығы, шығармашылыққа деген махаббаты туралы кеңінен баяндап берді.

Танымдық шара соңында жиналғандар естелік суретке түсіп, көңілді күйде тарқасты.

Айта кетейік, Расул Ғамзатов – Дағыстанның белгілі ақыны, прозаик, публицист, аудармашы, көптеген сыйлықтардың лауреаты.

You may also like...