Елордалық Корей жастары қозғалысы есептік жиынын өткізді

 

Достық үйінде елордалық Корей жастары қозғалысының ұйымдастыруымен «MDK Highlights 2023» атты іс –шара өтті. Оның барысында ұйым өкілдері 2023 жылы атқарған жұмыстары бойынша есеп беріп, келесі жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда аталмыш қозғалыс 7-ге жуық сектор бойынша түрлі бағытта қызмет етеді.
Жиын барысында құттықтау сөз сөйлеген ұйым төрағасы Максим Когай жастардың игі істерге белсенділіктері жоғары екендігін ерекше атап өтті. Жастар қозғалысының өкілдері жыл бойы түрлі шараларға белсене қатысты. Қайырымдылық бағытындағы жұмыстарға еріктілер атсалысса, өзге де секторлар бойынша бөлінген жастар қауымы тимбилдинг, форумдарда жоғары белсенділік көрсетті. Сондай –ақ HR, спорт, әлеуметтік, достық, мәдени-ағартушылық, білім, баспасөз қызметі секторларының басшылары да жыл бойы атқарылған жұмыстарға тоқталып, жастар қозғалысының алда келе жатқандығын айта кетті.

Шара соңында корей этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Роза Пак алғысын жеткізіп, жастар қауымына сәттілік тіледі.

 

You may also like...