Елордада отбасылық дауларды шешуде медиацияның маңызын талқылады

 
Елордалық Достық үйінде Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы мен «QAZAQSTAN JASTARY» ҚҚ бірлесе ұйымдастыруымен «Отбасылық қарым-қатынастарды сақтаудағы отбасы медиациясының рөлі мен тиімділігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты- отбасылық медиацияның тәжірибеде қолданылу аясын анықтап, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасын жақсартудағы отбасылық медиацияның әсерін талқылау.

Жиынға елордалық ҚХА медиация кабинеті қызметінің үйлестірушісі Роза Бекишева модераторлық етті.

Алғашқы болып сөз сөйлеген ҚХА республикалық Медиация кеңесінің төрағасы Шерзод Пулатов отбасылық медиацияның дауларды шешудегі маңызы мен отбасылық құндылықтардың мәнін жоғалтпауда атқарар рөліне кеңінен тоқталып өтті.

Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар отбасындағы дауларды алдын алу, отбасын сақтау арқылы қоғамдағы тұрақтылық кепілін ныйғайту бағытындағы жұмысты одан әрі жандандыру керектігін алға тартты.

 

You may also like...