Елордалық Достық үйінде Халықаралық еріктілер күніне орай симпозиум өтті

 

2023 жылдың 4 желтоқсанында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық волонтерлік желісі, Біріккен Ұлттар Ұйымының еріктілік бағдарламасының қолдауымен симпозиум өтті.

Іс-шара аясында Халықаралық волонтерлер жылының тарихы мен маңыздылығы туралы ұғымды арттыруға бағытталған Қазақстанның бастамасын білдіретін Халықаралық еріктілер жылы сияқты маңызды тақырыптар қаралды.

Сондай-ақ, 4-10 желтоқсан аралығында жалғасатын «Волонтер болу оңай» атты қысқы қайырымдылық апталығының акциясының басталғандығы жарияланды.

Симпозиум қатысушыларға маңызды әлемдік оқиға қарсаңында тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және волонтерлік қауымдастығын нығайтуға бірегей мүмкіндік берді.

You may also like...