ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАН ТАПСЫРУ БОЙЫНША ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

 

 

Елордалық Достық үйінде Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен бірлесе отырып «Қан тапсырып, адам өмірін сақтап қал!» атты акциясын өткізді.

Шараның негізгі мақсаты өмір үшін күресіп жатқан адамдарға қан беріп, тағдырына араша болып, өмір сыйлау. Бұл акцияға талапқа қарсы көрсеткіштері жоқ, жасы 18-ге толған азаматтар мен азаматшалар қатысты.
Іс-шараға елордалық ҚХА мүшелері, жастар, еріктілер белсенді қатысты.

Осындай ауқымды жұмыстардың тиісті дәрежеде орындалуына Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы да өз үлесін қосуда.

You may also like...