Достық үйінде медиация бойынша семинарлар өткізілді

 

Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы мен қалалық ҚХА медиация кабинетінің ұйымдастыруымен «Медиация туралы заңнама. Отбасылық жанжалдарды шешу» және «Медиатор және оның отбасылық жанжалдарды шешудегі рөлі» тақырыптарында семинарлар өтті.

Іс-шараның мақсаты- қатысушыларды ҚР «Медиация туралы» Заңымен таныстыру. Отбасылық жанжалдарды шешуде қолдануға болатын медиацияның негізгі принциптері мен әдістерін насихаттау.
Оған қалалық Ассамблея медиаторлары мен сот медиаторлары қатысты.

Семинардың лекторы ретінде «Халықаралық медиация орталығы» РҚБ медиаторы Жанна Танабаева сөз сөйледі.
Іс-шара барысында отбасылық дау-дамайды шешудегі медиацияның маңызы мен рөлі туралы, отбасын сақтап қалуда кәсіби медиаторлардың тигізер ықпалы жайлы әңгіме қозғалды.

Сонымен бірге қатысушылар медиацияға қатысты заңмен жан-жақты танысып, оның тармақтарын бірлесіп талдады.

 

You may also like...