Армениялық «Хачатурян» ансамблінің өкілдері елордалық Достық үйінде болды Бүгін қалалық Достық үйіне халықаралық байқаулардың лауреаты атанған, Арменияның көрнекті композиторы Арам Хачатурянның тегімен аталатын трионың мүшелері қонаққа келді.

 

Келген меймандарды ҚХА Төрағасының орынбасары, Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығының төрағасы Акбаржон Исмаилов пен «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев және Достық үйінің қызметкерлері жылы қарсы алды.

Шырайлы және достық атмосферада өткен кездесу барысында шетелдік әртістер ҚХА мен этномәдени бірлестіктердің қызметімен танысты. Сондай – ақ оларға шағын экскурсия ұйымдастырылды.

You may also like...