Елордалық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшелері бас қосты

 

Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің мүшелері Достық үйінде отырыс өткізді.
Күн тәртібінде ағымдағы жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылау, алдағы кезеңге арналған мақсат –міндеттерді айқындау және басқа да мәселелер болды.

Алқалы жиын барысында жаңадан сайланған ұйым төрағасы Бахытжан Ертаев сөз сөйлеп, аға буынның маңызды қоғамдық, саяси, мәдени шараларға барынша ат салысатынын атап өтті.
Сонымен қатар кездесуде этносаралық татулықты сақтау, қоғамдық келісімді нығайту бойынша бірқатар келелі ойлар мен ұсыныстар айтылды.

Айта кетейік, қалалық Ассамблеяға қарасты маңызды құрылымдық бөлімшелердің бірі ретінде Ақсақалдар кеңесі қазақстандық патриотизмді нығайтуға, азаматтық, рухани және мәдени қоғамды қалыптастыруға өз үлесін қосуда.

 

You may also like...