Елордалық ҚХА өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша семинарға қатысты

 

Қалалық Достық үйінде елордалық Ассамблея мүшелерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық сананы қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараны Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылды.

Семинарға спикер ретінде заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алауханов Есберген Оразұлы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ақпараттық – ағартушылық пул мүшесі Жомарт Абишев, ІІМ зейнеткері, отставкадағы генерал-майоры Сағатбек Нұрахметов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің превенция офицері Алмагүл Кенебаева қатысты.

Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және онымен күресу мәселелері сөз етілді.

Шара соңында спикерлер мен қатысушылар өзара пікір алмасты.

You may also like...