Елордалық ҚХА медиация кабинетінде отбасы құндылықтары мен әйелдердің қоғамдағы рөлі талқыланды

 

Елімізде жыл сайын 25 қараша-10 желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы өткізіледі.
Шараның мақсаты- әйелдерді өз құқықтары туралы хабардар етіп, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу және отбасының қоғамдағы рөлін күшейту.

Аталмыш акцияны қолдау мақсатында Астана қаласы полиция департаментінің әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшесі мен Астана қаласы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі комиссия елордалық ҚХА медиация кабинетімен бірлесе дөңгелек үстел өткізді.
Оған қалалық әкімдіктің, мемлекетік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

You may also like...