Елордада судьялар мен медиаторлар бас қосты

 

Бүгін елордалық Достық үйінде Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы мен “QAZAQSTAN JASTARY” ҚҚ бірлесе ұйымдастыруымен “Отбасылық құндылықтар және медиация: отбасылық өмірде медиаторлық дағдыларды қолдану” атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның басты мақсаты – отбасы институтының маңыздылығын түсіндіру, отбасылық құндылықтарды насихаттау.

Құттықтау сөз сөйлеген Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Құсайынова және ҚХА республикалық Медиация кеңесінің төрағасы Шерзод Пулатов жиынның маңыздылығына тоқталып өтті.
Елордалық ҚХА медиация кабинеті қызметінің үйлестірушісі Роза Бекишева модераторлық еткен іс-шарада қатысушылар қазіргі қоғамдағы бірқатар өзекті мәселелерді, оның ішінде қоғамдағы отбасылық құндылықтардың маңыздылығы мен рөлі, оның бала тәрбиесіне ықпалы жайлы әңгіме өрбітті.

Сондай-ақ кәсіби медиаторлар қатысушыларды отбасындағы жанжалдарды шешу және қарым-қатынасты нығайту мақсатында қолданылатын медиацияның негізгі принциптері мен әдіс-тәсілдерімен таныстырды.

Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, қазіргі қоғамдағы отбасылардың алдында тұрған ортақ отбасылық проблемалар мен сын-тегеуріндерді талқылау және тиімді шешімдер әзірлеу үшін арнайы платформаның қажеттілігін атап өтті.

You may also like...